Accessibility links

Грозный: парламент ғимаратында теракт жасалмақ болды


Грозныйда, Шешен парламентінің ғимаратында теракт жасалмақ болды. Ақпаратқа қарағанда, ғимаратқа бүлікшілер кірген. Ғимарат ішінде атылған оқтардың дауысы естіліп жатыр.

Кей ақпараттарға қарағанда, парламент басшысының кабинетінде бір жанкешті өзін жарып жіберген. Екі адам қаза тапты.

Ғимаратқа ОМОН жасағы мен Шешенстан президентінің қауіпсіздік қызметі жеткізілуде.

Болып жатқан жайт туралы қазір Грозныйда жүрген Ресей ішкі істер министрі Рашид Нургалиев хабарлады.
XS
SM
MD
LG