Accessibility links

Париж: ереуілшілер мен полиция қақтығысты


Парижде ереуілге шыққандар мен полицияның арасында қақтығыс болды. Зейнетақы жүйесін реформалауға қарсы наразылыққа шыққан студенттер полицейлерді таспен атқылап, бір автокөлікті өртеді. Полицейлер оған қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.

Сейсенбі күні Францияда зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы жалпыұлттық наразылық ереуілі өтіп жатыр.

Кәсіподақтар уәде еткендей, шерулер мен ереуілдер елдің 200-ден астам қаласы мен мекенінде өтеді.

Көлік пен мұнай өнеркәсібі жұмысшыларының талай күн жалғасқан наразылығы көлік қатынасының бұзылуы мен жанармайдың жетіспеуіне соқтырды.

Француз президенті Николя Саркози зейнетақы реформасынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Ол зейнетақы қорларының орасан зор тапшылығынан мұндай реформа өте қажет деп есептейді.

Таяуда реформа жобасы француз Сенатында дауысқа қойылады.
XS
SM
MD
LG