Accessibility links

"Қазақ-Корея" консорциумы Ирақтың ірі газ кенішін игереді


Қазақстанның мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен Оңтүстік Кореяның газ корпорациясы Ирақтың Акказ табиғи газ кенішін дамыту бойынша жарияланған тендерді жеңіп алды.

Акказ кеніші Ирақтың батысындағы Анбар провинциясында орналасқан. Оның газ қоры 158 миллион текше метрді құрайды.

Бұл газ кеніші сәрсенбі күні шетелдік компаниялар ұсыныс түсірген үш газ кенішінің ең үлкені болып отыр.
XS
SM
MD
LG