Accessibility links

Украина Прагада ұсталған бұрынғы министрін беруді сұрады


Украина прокурорлары Чех республикасына өтініш жолдап, Прагада тұтқындалған бұрынғы министрін экстрадициялауды сұрап отыр.

Чех полициясының хабарлауынша, халықаралық іздеу жарияланған Украинаның бұрынғы экономика министрі Богдан Данылышинді дүйсенбі күні қамауға алды. Ол Украина билігіне мәскеушіл президент Виктор Янукович келгеннен бері қылмыстық тергеуге алынған үшінші ресми өкіл.

Данылышин бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко кезінде министр болған. Тимошенко үзеңгілестеріне қарсы қудалаулар биліктің оппозицияны басып-жаншу әрекетінің бір бөлігі деп отыр.

Чех полициясының өкілі Украинаның экс- министрін экстрадициялау процесі бірнеше айға созылуы мүмкін деді.
XS
SM
MD
LG