Accessibility links

Иран мен Венесуэла Батыстың үстемдігін азайтуды көздейді


Иран мен Венесуэла президенттері өздерінің мықты стратегиялық әріптестіктерін мадақтады.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад еліне сапармен келген Венесуэла президенті Уго Чавеспен келіссөздер жүргізіп, екі тараптың ресмилері мұнай-газ, мақта-мата, сауда және тұрғын үйлер салаларындағы ынтымақтастық бойынша 11 келісімге қол қойды.

Екі президент АҚШ-тың империализмін айыптап, ғаламдық істердегі Батыстың үстемдігін азайту үшін бірлесе отырып, жаңа әлемдік тәртіп құруға күш салатынын айтты.
XS
SM
MD
LG