Accessibility links

Еуропарламент Сахаров сыйлығы иегерінің атын жариялайды


Бүгін Еуропа парламентінің адам құқықтары жөніндегі Сахаров сыйлығының иегерінің атын ариялайды.

Осы жылғы сыйлыққа үміткерлердің арасында Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимді басып алған Израилдің заңсыздықтары туралы айтқан израилдік үкіметтік емес ұйым, 11,5 жылды түрмеде өткізіп, Куба режиміне қарсылық ретінде 23 рет аштық акциясын өткізген Куба диссиденті Гильермо Фаринас пен Эфиопияның оппозициялық жетекшісі Буртукан Мидекса бар.

Сахаров сыйлығын тапсыру желтоқсанның 15-інде Страсбургте өтеді. Жеңімпаз 50 мың еуро алатын болады.

Еуропа парламенті совет ғалымы, диссидент Андрей Сахаров атындағы халықаралық сыйлықты 1988 жылы тағайындаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG