Accessibility links

Түркіменстан мен Ресей президенттері келіссөз өткізеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев жұма күні Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен Түркіменбасы қаласында келіссөз өткізуге тиіс.

Келіп жеткен хабарға қарағанда, тараптар отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ көлік пен телекоммуникация саласындағы бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылайтын сияқты.

Түркіменстан – табиғи газ қоры бойынша дүние жүзінде төртінші орында келеді. Көгілдір отынның басым бөлігі Ресейге және Иран мен Қытайға экспортталады.

Соңғы кезде Ашхабад газын сатуға Ресейге деген тәуелділігін әлсірету үшін өзге тұтынушыларды қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG