Accessibility links

Тәжікстанда тағы бір экстремист жойылды


Тәжікстанның шығысында тәртіп сақшыларының соңғы бірнеше күн жүргізген операциясының нәтижесінде бір экстремистің көзі жойылып, үш экстремист қолға түсті.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, операция басталған күннен бері кемінде 20 экстремистің көзі жойылды.

Қарулы топтар Тәжікстанның Рашт ауданында әскери автокеруінге шабуыл жасап, 26 жауынгер қырылған соң, тәжік үкіметі елдің шығысына бірнеше мың жауынгерлік әскери бөлім мен ауыр соғыс техникасын жөнелтті.

Өткен аптада ресми Душанбе қаруын тастап, бейбіт тіршілікке оралғандарға рақымшылық жасайтын болып шешті.

Хабарға қарағанда, Мирзохужда Ахмадов, Мулло Садриддин сынды дала қолбасылары мен олардың 20 шақты үзеңгілесі қаруларын тастап, билікке берілген көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG