Accessibility links

Ақ үй Исламабадқа қосымша әскери көмек береді


АҚШ шенеунектері мәлімдегендей, Пәкістанды ел ішіндегі және көрші Ауғанстандағы қарулы топтарға қарсы күресін күшейтуге ынталандыру үшін Америка осы елге жаңа әскери көмек беру бағдарламасын жарияламақшы.

Шенеунектердің айтуынша, жалпы сомасы 2 миллиард доллардай болатын жаңа әскери көмек 5 жылдан көп уақытқа арналады.

Ол жөнінде АҚШ пен Пәкістан шенеунектерінің жоғарғы деңгейдегі Вашингтонда үш күн жалғасқан келіссөзінің соңғы күні – жұмада жариялануға тиіс.

Әлі АҚШ Конгресі мақұлдауға тиіс бұл көмек Пәкістанның азаматтық шаруашылығына бөлінген 7,5 миллиард доллар көмекке қоса берілмекші. Бұл көмек те 5 жылдан ұзақ кезеңге арналған болатын.
XS
SM
MD
LG