Accessibility links

Гаитиде тырысқақтан 135 адам опат болды


Гаитидің солтүстігінде соңғы күндері шыққан тырысқақ ауруының эпидемиясынан 135 адам мерт болып, тағы 1,5 мың адамға дерттің фирусы жұқты.

France Presse агенттігінің хабарлауынша, эпидемия жайылған аудандардың ауруханалары адамға лық толды.

Гаити астанасы – Порт-о-Пренс қаласында тырысқаққа шалдыққан жайттар тіркелген жоқ, бірақ билік дерт қаладағы шатырлар қалашығына жайылуы мүмкін деп алаңдайды.

Осы жылдың қаңтар айындағы зілзаладан кейін Гаити тұрғындарының көпшілігі ауыр халде тіршілік етеді.

Зілзаладан 230 мыңға жуық халық қырылып, тағы 1,5 миллионға жуық тұрғын баспанасыз қалды.
XS
SM
MD
LG