Accessibility links

Ашхабад Ресейге сататын газ көлемін ұлғайтады


Жұма күні Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов түркімен елі Ресейге сатылатын табиғи газдың көлемін ұлғайтуы мүмкін деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Бердімұхамедов Ресейді Түркіменстанның ірі экономикалық әріптестерінің бірі деп атады.

Осы күні Бердімұхамедов Ресей президенті Дмитрий Медведевпен Түркіменбасы қаласында келіссөз өткізеді.

Тараптар отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ көлік пен телекоммуникация саласындағы бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылайды.
XS
SM
MD
LG