Accessibility links

«Алға» көсемі өтпелі кезеңнің президенті болмақшы


Қазақстандағы ресми тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының көсемі Владимир Козлов 2012 жылғы президент сайлауына үміткер болып дауысқа түседі. Козлов «Голос Республики» газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Оның атап көрсетуінше, Қазақстанда ұзақ жыл бойы президент болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі ғана емес, саяси жүйенің өзі өзгеруге тиіс.

Азаттыққа берген сұхбатында Козлов Қырғызстанның уақытша президенті Роза Отынбаеваның үлгісі бойынша, сайлауға өлпелі кезеңнің президенті болу үшін түсетінін мәлімдеді.

«Алға» партиясы 25 қыркүйекте Назарбаевты биліктен түсіру мәселесі бойынша референдум өткізу үшін жиын ұйымдастырмақ болды.

Жиын өткізуге жиналған делегаттардың саны жетпей қалды.
XS
SM
MD
LG