Accessibility links

Минск ЕҚЫҰ-ға құжаттар жинағын әзірлеп қойды


Беларус прокуратурасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшыларына журналист Олег Бебениннің өліміне қатысты іс бойынша құжаттардың жинағын әзірлеп қойды.

Интерфакс агенттігіне Минск облысы прокурорының аға көмекшісі Татьяна Калинина хабарлағандай, Швеция мен Норвегияның қылмыстық істер бойынша сарапшылары Минскіге алдағы дүйсенбіде келуге тиіс.

Оппозициялық «Хартия-97» сайтының құрылтайшысы әрі жетекшісі болған Олег Бебенин қыркүйек айының соңында Минск түбіндегі өзінің саяжайында асылып өлген жерінен табылды.

Беларус бас прокурорының орынбасары Андрей Швед мәлімдегендей, тергеу ол өзі асылып өлді деген жорамалды ғана емес, өзіне-өзі қол жұмсап өлді деген пікір туғызумен кісі өлтіру жорамалын да қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG