Accessibility links

Франция кәсіподақтары наразылықты жалғастыра береді


Француз сенаты елде наразылық шеулерінің жаппай өтіп жатқанына қарамастан, үкімет ұсынған зейнеткерлік реформасы туралы заңды мақұлдады.Заң күшіне ену үшін парламенттің қос палатасы соңғы қорытынды дауыс берулерді өткізуі керек.

Кәсіподақтар болса, ең төменгі зейнеткерлік жасты 60-тан 62-ге, ал жалпы зейнетке шығу жасын 65-тен 67-ге дейін ұлғайтатын заң жобасына қарсылық акцияларын жалғастыра береміз деген бағыттарынан қайтпай отыр.

Франция үкімет мұндай шара зейнетақы қорын құлдыраудан сақтайды десе, кәсіподақтар бұл реформа жұмысшылар үшін әділетсіздік екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG