Accessibility links

Wikileaks Ирақ соғысы туралы құжаттарды жариялады


Аталған интернет сайт Американың Ирақ соғысы жайындағы мыңдаған құпия құжаттарын жариялап отыр. Құжаттарда Ирақ полициясы мен әскерлерінің тұтқындарға азаптау мен зорлық-зомбылық көрсеткені, бірақ ол деректер АҚШ әскерилеріне белгілі болса да, тергеліп-тексерілмегені туралы жазылған.

Wikileaks-тің құжаттарына қарағанда, Ирақ соғысында қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны есептеліп келген 66 мыңнан да көп болады.

АҚШ Wikileaks басылымының құжаттарды жариялауын айыптап, бұл әрекеттер ирақтық және америкалық әскерлердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп мәлімдеген болатын.

Барлығы сайтта 400 мыңнан астам құпия құжат жарияланған.
XS
SM
MD
LG