Accessibility links

«Үлкен жиырмалық» министрлері реформа келісіміне қол жеткізді


Дамушы елдер Халықаралық қаржы қорының қызметіне жан-жақты бақылау жасай алатын болды. Оңтүстік Кореядағы кездесуде жетекші экономикалық елдер министрлері осындай келісімге келді.

Атап айтқанда, Еуропа елдері ХҚҚ-ның директорлар кеңесіндегі екі орыннан бас тартып, ол орындар Қытай мен Үндістан сияқты елдерге бұйыратын болды.

Бас қосуға қатысқан ХҚҚ-ның басқарушы директоры Доминик Стросс-Кан бұл шешімді «Халықаралық қаржы қорының тарихындағы басқару жүйесіндегі ең ірі реформа» деп атады.
XS
SM
MD
LG