Accessibility links

Дубровкадағы терактіге 8 жыл толды


Сегіз жыл бұрын 23 қазан күні Мәскеудегі Дубровка театр орталығында жаугерлер тобы 800-дей көрермен мен « Норд-Ост» мюзиклінің актерлерін кепілдікке алып, үш күн бойы қамауда ұстаған еді.

26 қазанда Ресей күштері қоршаудағыларды босату үшін ғимаратқа шабуылдап, құрамы белгісіз бір газды қолданған болатын, соның салдарынан кепілдіктегі адамдардың көбі қаза тапты.

Осы уақытқа дейін құрбан болғандардың нақты саны анық емес, ресми деректер бойынша 129 делінеді, ал ресми емес деректерге қарағанда олардың саны - 174.
XS
SM
MD
LG