Accessibility links

Ауғанстанда БҰҰ-ның кеңсесіне шабуыл жасалды


Герат провинциясында жанкештілер БҰҰ-ның кеңсесін нысанға алып жарылыс жасаған, құрбан болғандар мен жарақат алғандар жоқ деп хабарланды.

Жергілікті полицияның айтуынша жанкештілер полицияның формасын киіп, бұрқаға оранып алған төрт адам болған. Шабуылшылардың үшеуі қауіпсіздік күштерінің оғына ұшып, төртіншісі жарылғыш зат қойылған көлігін ғимарат алдында жарған.

Шабуыл жауапкершілігін тәліптер мойнына алды.
XS
SM
MD
LG