Accessibility links

Бішкекте "Ата-жұрт" партиясы қауіпсіздік қызметінің басшысы орнынан кетсін деді


Қырғызстан парламенті ғимаратының алдында қазан айындағы парламент сайлауында жеңіске жеткен "Ата-жұрт" партиясының жақтастары қауіпсіздік қызметінің басшысы Кенешбек Душебаевтың орнынан кетуін талап етті.

Бішкектегі бұл шараға қатысушылар партия жетекшісі Качимбек Ташиевке болған шабуылға Душебаевтың қатысы болды деп есептейді. Олар өз талаптары орындалғанша, акцияларын жалғастыра беретіндіктерін есткертіп отыр.

Партия жетекшісі Ташиевтің айтуынша, сенбі күні кешкісін 50 шақты жас келіп, қала сыртындағы үйіне басып кірмекші болған. Бірақ оның күзетшілері оларға тойтарыс берген. Қолға түскендерінен қару-жарақ пен қауіпсіздік қызметінің қызметкері деген куәліктер табылған. Ташиевтің өзі жеңіл жарақат алған.
XS
SM
MD
LG