Accessibility links

Ирақ соты парламентке жұмысына оралуды тапсырды


Ирақтың жоғарғы соты жаңа үкімет жасақтауда жеті ай бойы саяси дағдарыс орнаған тұста, парламент жұмысын бастауға нұсқау берді.
Ирақ федералды соты үкімет құру ісінің кейінге қалуын конституцияға қайшы дей келе, парламентті жұмыстарына оралуға шақырды.

Сот сондай-ақ парламентке спикер мен оның екі орынбасарын таңдау керек деді. Парламенттің уақытша спикері Фоуад Массум Ассошейтед пресс агенттігіне берген сұқбатында, өзінің осы аптаның соңына дейін кездесу мерзімі белгіленгенін айтты.

325 депутаты бар парламент наурыздың 7-дегі парламент сайлауынан кейін бір-ақ рет кездескен. Бұл сайлауда көп дауыс жинаған партиялар үкіметті жасақтай алмай, тығырыққа тірелген. Саяси жетекшілер парламент отырысын премьер-министр таңдалмағандықтан, кейінге қалдырып келген.
XS
SM
MD
LG