Accessibility links

Ереуілдер Францияны 3 млрд. еуро шығынға түсірді


Франция үкіметі наразылық ереуілдерін жалғастырудың дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіруге нұқсан келтіретінін ескертті.

Соңғы дерекке қарағанда, зейнетақы реформасына қарсы наразылық ереуілдері Францияны 3 миллиард еуро шығынға түсірді.

Зейнетке шығу жасын 60-тан 62-ге кейін ұлғайтуға қарсы Францияда өтіп жатқан жаппай наразылық ереуілдері ел эконоикасына 200-ден 400 миллион евро шығын келтіреді, деп мәлімдеді өзінің радиосұхбатында Францияның қаржы минстрі Кристина Лагард. Оның айтуынша, мұнай өнімдеріне мұқтаж болып отырған химия өнеркәсібі үлкен шығын көріп отыр.

Өткен аптада Францияның көптеген мұнай өңдеу кәсіпорындары жұмыс істемей тұрды.
XS
SM
MD
LG