Accessibility links

Қазақстан әскерилері Халықаралық күштер штабына жіберіледі


Қазақстан Ауғанстандағы халықаралық күштер штабына бірнеше жауынгерді жібереді. Бұл туралы Брюссельде НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен болған келіссөздерден кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. .

«Біз тиісті екі жақты келісімге қол қоюды құптаймыз», - деп атап көрсетті президент.

Оның сөзінше, Астана Ауғанстандағы қауіпсіздікке көмектесетін халықаралық күштер операцияларын қолдайды. Сондықтан президент, Қазақстан Ауғанстанға халықаралық күштер жүктерін тасымалдау үшін әуе және темір жол дәліздеріне жол ашқандығын айтты.

Өз кезегінде НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен, Қазақстан Орталық Азиядағы НАТО-ның негізгі әріптесі болып табылатындығын атап өтті.
XS
SM
MD
LG