Accessibility links

Қазақстан Шахмат федерациясының жаңа басшысы сайланды


Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қазақстан шахмат федерациясының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлап отыр.

Федерацияны жарты жылдай басқарған кәсіпкер Рахат Еламан, өз еркімен өкілеттігін тапсырды.

Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ерлан Исаевтың сөзінше, жаңа басшы Қарағандыда өткен жиында көпшілік дауыспен сайланған.

Жиында Әсет Исекешовтің өзі қатыспағанын айтқан Исаев: «бірақ бізде федерацияны басқаруға келісетіні туралы оның жазбаша өтініші болды», деді.
XS
SM
MD
LG