Accessibility links

Сырттан әкелінетін көліктерге экологиялық талаптар күшейтіледі


Қазақстан үкіметі сырттан әкелінетін автокөліктерге экологиялық талаптар енгізеді. Бұл туралы елдің көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Республикаға 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап автокөліктерге шығарылатын зиянды қалдықтар бойынша экологиялық кезең – Euro-3-ке сәйкес талаптар енгізіледі. Ал талаптарға сай келмейтін автокөліктер елге кірігізілмейді.

Елде бұған дейін қолданыста жүрген автокөліктер аталған талапқа сай келмесе де оның толық тозығы жеткенше қолданыста бола береді.

Кестеге сәйкес Euro-3 талаптарына Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-та 2001-ші және одан бергі жылдары шығарылған, 2003-ші жыл мен одан бергі жылдары Оңтүстік Кореяда шығарылған, 2005 және одан бергі жылдары Жапонияда шығарылған, 2008-ші жылы және одан бергі жылдары Қытайда шығарылған автокөліктер сай келеді.
XS
SM
MD
LG