Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның қылмыстық сарапшылары Минскіге жетті


Тәуелсіз беларус журналисі Олег Бебениннің қазасы туралы тергеу материалдарымен танысу үшін Минскіге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылары келіп жетті.
Оның алдында Беларус билігі Еуропалық ұйымның тергеуге өз сарапшыларын қатыстыру туралы ұсынысын мақұлдаған боладады.

Сейсенбі күні Швеция мен Норвегияның сарапшылары тергеу ісімен танысу үшін Минск облысының прокуратурасына барады.

Беларустегі аса беделді Интернет-басылымдарының бірі болған «Хартия-97» сайтының құрылтайшысы әрі жетекшісі болған Олег Бебенин қыркүйек айының басында өзінің саяжайында асылып өлген жерінен табылды.

Марқұмның туыстары мен әріптестері Бебениннің денесінен аңғарылған түрлі дақ пен жара оның кісі қолынан қаза болғанын айғақтайды деп мәлімдеп, журналист өзі асылып өлді дегенге сенбейді.
XS
SM
MD
LG