Accessibility links

Иранның тұңғыш атом электр бекеті іске қосылады


Иран елдің оңтүстігіндегі Бушер қаласында өз тарихындағы тұңғыш атом реакторына ядролық отын сала бастады. Хабарға қарағанда, бұл процесс Иран мен Ресей инженерлерінің бақылауымен іске асырылып жатыр.

Қуаты 1000 мегаватт болатын атом реакторы жыл соңына қарай электр қуатын өндіре бастайды да, алдағы жылдың басында Иранның электр жүйесіне қасылуға тиіс.

Бушердегі атом электр бекетінің құрылысы 30 жылдан астам уақыт жалғасып, ресейлік мамандардың қатысуымен биыл ғана аяқталды.
XS
SM
MD
LG