Accessibility links

Иран Ауғанстанға ақшалай көмек бергенін растады


Иран билігі көрші елдегі жағдайдың тұрақты болуына ресми Теһранның мүдделі екенін уәжге келтіріп, Ауғанстанға қаржылай «көмек» беріп келгенін растады. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Кабулға көрсетілетін «көмектің» өзге жай-жапсарын ашып айтпады.

Оның қарсаңында ауған президенті Хамид Карзай өз әкімшілігі өкілдерінің Ираннан қомақты қаржы алып келгенін мойындаған болатын.

Сонымен қатар Карзай ол ақшаны «қаржылай көмек» деп сипаттап, ондай көмекті жасырмайтынын және Ауғанстанға қаржылай көмекті тек Иран ғана емес, өзге елдердің де, оның ішінде АҚШ-тың да беретінін шегелеп айтты.

Дүйсенбі күні Ақ үй Иранның Ауғанстанға деген ықпалының өсе түсу мүмкіндігіне алаңдайтынын атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG