Accessibility links

Франция: бүгін студенттердің наразылық шеруі өтеді


Сейсенбі күні Францияның бірқатар қаласында студенттер зейнетақы реформасына қарсы шеру өткізбекші. Бұл шара – бейсенбіге белгіленген жалпыұлттық ереуілдің қарсаңындағы «жаттығу» ретінде қарастырылып отыр.

Сәрсенбі күні француз парламенті зейнетке шығу жасын 60-тан 62-ге дейін көтеру туралы заң жобасын түпкілікті мақұлдамақшы. Одан соң заңға – реформаны ұсынған президент Николя Саркозидің қол қоюға тиіс.

Әзірше елдегі мұнай өңдейтін 12 зауыттың ішінен үшеуінің жұмысшылары ереуілді тоқтатты. Ереуіл жанармай құю бекеттеріне уақытында отын жеткізуге кедергі болды.

Оған қоса 200-ден астам мұнай қоймасы қайта ашылды. Оларды ереуішілер бөгеп тұрған болатын.
XS
SM
MD
LG