Accessibility links

Альянс банктің бұрынғы иесі Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға оралды


«Альянс банк» АҚ-ның директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға оралып, банк қаржысы ұрланды деген қылмыстық істі тергеуге қатыспақшы. Бұл туралы хабарлаған ҚазТАГ агенттігі сәрсенбі күні Сейсембаевтың өз қолымен жазылған хабарламаға сілтеме жасап жазып отыр.

Ол хатта Сейсембаев "Қазақстан президентінің қылмыстық заң мен құқық қорғау органдарын ырықтандыру жөніндегі саясатын қолдап, әділ тергеуге қол жеткізу мүмкіндігіне сене отырып, құқық қорғау органдарының қатысуымен өз еркіммен елге оралдым" делінген.

Және Сейсембаев өзінің Қазақстанға оралғандағы мақсаты - «Альянс Банкке» қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуге қатысып, банк акционерлерінің ісіндегі қылмыстық құрамға қатысты дәлелдер келтіру деп айтқан.

2009 жылдың қарашасынан бері Марғұлан Сейсембаевқа «Альянс банк» АҚ-ның қаржысын жымқырды деген сырттай айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған.
XS
SM
MD
LG