Accessibility links

Досқалиевті қамауға денсаулығы жайлы сараптаманың қажеті болмаған


Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауға алу санкциясын беруге оның денсаулығы жайлы медициналық сараптама беруді керегі болмаған деді Жоғарғы соттың бақылау алқасының басшысы Ақылтай Қасымов. Оның бұл айтқанын сәрсенбі күні ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Қасымов әлбетте жасы ұлғайған адам мұндай жағдайға түскенде, қан қысымы көтеріліп, біраз қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ ол медициналық сараптама жасауға негіз бола алмайды деді. Оның айтуынша, қазірде оларда экс-министрдің денсаулығы туралы жалған мәлімет беруге себептер болғаны жайлы емдеуші дәрігерлердің айғақтары бар. Егер оның қорғаушылары тергеу кезінде дансаулығы нашарлады деп оған медициналық сараптама жасауды сұраса, ол басқа мәселе дейді Қасымов.

Осыған дейін Досқалиевтің адвокаттары оның жағдайына сараптама жасалмастан, қамауға алынғанына наразылық танытқан. Қаржы полициясы қыркүйектің 21-де бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті өз қызметін асыра пайдаланды, сыбайлас жемқорлыққа барды деген айыппен ұстаған болатын.
XS
SM
MD
LG