Accessibility links

Горбачев: Ауғанстанда әскери жеңіске жету мүмкін емес


Бұрынғы совет жетекшісі Михаил Горбачев сәрсенбі күні BBC-ге берген сұқбатында, Ауғанстандағы НАТО бастаған одақтас күштердің жеңіске жетуі мүмкін емес деп айтты.

Ауғанстанда совет күштері он жылдай соғысып, 1989 жылы шығарылғанда Горбачев билікте болған. Британдық телеарнаға берген сұқбатында ол сондай-ақ Ресейдегі демокртияны сынады.

Горбачев премьер-министр Владимир Путин жетекшілік ететін "Единая Россия" партиясын билікте қалу үшін демократиядан бас тартып отыр деп айыптады. Ол ресейліктердің ендігі аймақтық басшыларды сайлау құқы қалмағанына тоқталды
XS
SM
MD
LG