Accessibility links

Феликс Кулов президенттік Қырғызстанды қайта құрмақ


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Феликс Кулов, республика парламенттік жүйеге көшуге әлі дайын емес екендігін мәлімдеді. Сондықтан "Ар-Намыс" партиясының жетекшісі елде президенттік басқару жүйесін қайта құруды қолға алуды көздеп отыр.

Қырғызстанда 10-шы қазан күні өткен парламент сайлауында "Ар-Намыс" партиясы үшінші орынды иеленген еді.

Осы жылдың шілде айында өткен референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, елдің премьер-министрі жоғары өкілеттілікке ие. Феликс Куловтың сөзінше, қазіргі таңда елде қалыптасып отырған саяси және әлеуметтік жағдайда тек президент қана елдің ішкі және сыртқы саясатын анықтауы тиіс.
XS
SM
MD
LG