Accessibility links

Индонезия: цунами құрбандары 350-ге жетіп қалды


Индонезия жағалауындағы қуатты жерасты қозғалысынан көтерілген цунамидің соққысынан құрбан болғандардың қатары 343-ке жетті. Соңғы ресми мәлімет осындай. 330-дан астам адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде қалды.

Дүйсенбі күні цунамидің толқындары алшақтағы аралдардың тобына соғып, бірнеше елді-мекенді түгел қиратты.

Ресми билік цунамиден төнген қатер жөнінде ескертетін жүйенің істен шығуы себептерін тергеп жатыр – жергілікті тұрғындар төнген қатер жөнінде ешбір ескертудің болмағанын мәлімдейді.

Индонезиядағы тағы бір табиғат апатының құрбандары да 32-ге дейін өсе түсті. Сейсенбі күні Ява аралындағы Мерапи жанартауы оянып, атқылай бастады.
XS
SM
MD
LG