Accessibility links

Брюссельде ЕО-ның 2 күндік саммиті ашылады


Бейсенбі күні Брюссельде Еуропа Одағы басшылығының 2 күндік саммиті ашылады.

ЕуроОдаққа мүше 27 елдің жетекшілері, негізінен, экономикалық проблемаларды, оның ішінде – жыл басында Грекия душар болған «қарыз дағдарысы» сынды проблеманың алдын алу амалдарын талдамақшы.

Германия мен Франция ЕуроОдақтың жұмыс істеу принциптерін белгілеген «Лиссабон келісім-шартына» қаржылық тәртіпті бұзған елдерге жаза қолдану мүмкіндігін қарастыратын түзетулер енгізуді ұсынады.

Бірақ бірқатар елдің өкілдері мен Еуропа Комиссиясы ол ұсынысқа қарсы шықты.
XS
SM
MD
LG