Accessibility links

«Азат» партиясы биліктен әділ тергеуді талап етеді


Бейсенбі күні Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясы «Халық билігі» бірлестігінің Алматы қаласындағы баспасөз-маслихатын үзуге себеп болған төтенше оқиғаның әділ тергелуін талап етті.

Хабарда Серікболсын Әбділдин, Ғазиз Алдамжаров және Владимир Козловтың қатысуымен «Халық билігі» бірлестігінің 27 қазан күні Ұлттық баспасөз-клубындағы баспасөз-маслихатының бұзылғаны айтылады.

Өздерін «Желтоқсан-86» қозғалысының «көсемдері мен мүшелері» деп атаған кісілер баспасөз-маслихатын өткізгендерді жұмыртқалармен және су құйылған пластика шөлмектерімен атқылады. Олар В.Козловтың 2012 жылғы президент сайлауына үміткер ретінде түсетін ниетіне деген қарсылығын осылай білдірген көрінеді.

«Азат» партиясы бұл арандатушылықты «кез-келген саяси бәсекелестік пен қарсы көзқарасты көре алмайтын» биліктің «саяси әрекеті» деп есептейді.
XS
SM
MD
LG