Accessibility links

«Уральская неделя» газетін тағы сотқа берді


Батыс Қазақстандық «Уральская неделя» басылымының бар редакторы Тамара Еслямованың атына сотқа шағым түсті. Шағымданушы Теректі ауданының Подстепное ауылының мектеп директоры Ақылбек Қаймулдин. Ол моральдық өтемақы ретінде бас редактордан 5 миллион теңге талап етіп отыр.

Шағымға газетте журналист Петр Троценконың «Школьные тяжбы» мақаласы себеп болған. Онда мектеп оқушылары ата-аналарының жиналысы туралы жазылған. Жиналыста мектеп директорының қызметі сынға алынған.

Бұдан бөлек, қазір «Уральская неделя» газеті мен оның тілшісі Лұқпан Ахмедьяров «ТенгизНефтеСтрой» компаниясына 20 миллион немесе 136 мың доллар моральдық өтемақы төлеуге тиіс.

2009 жылдың тамызында «Уральская неделя» Лұқпан Ахмедьяровтың «Жымпиты-Қаратөбе» газ құбырының орнында құрылыс жүргізу үшін өткізілген тендер туралы «Тендердің астарында» айдарлы мақаласын жариялады. Автор «ТенгизНефтеСтрой» тендер бітпей тұрып-ақ өзінің жеңетініне сенімді болды деген жорамалын келтірді. «ТенгизНефтеСтрой» өзінің іскерлік беделін қорғап, моральдық өтемақы талап етіп сотқа жүгінді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG