Accessibility links

Ричард Холбрук: тәліптермен келіссөздердің күні алыс


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук дәл қазіргі таңда тәліптер жетекшілерінің саяси бағыт-бағдары өзгерді деп айту қиын деп мәлімдеді.

Холбрук мұны Ауғанстаннан оралысымен Вашингтонда журналистер алдында сөйлеген сөзінде атап көрсетті.
Оның ойынша, тәліптер жетекшісі молла Омардың идеологиясымен келіспейтіндер ғана ресми Кабулмен немесе жергілікті билікпен ынтымақтасқысы келеді.Сондықтан да Холбруктың сөзіне қарағанда Хамид Карзай үкіметі мен тәліптер жетекшілерінің диалогына негіз боларлық қандай да бір байланыс туралы айтуға әзір ертерек.
XS
SM
MD
LG