Accessibility links

Йемен жарылғышы бар пакеттің иесін ұстады


Йеменнің қауіпсіздік күштері жарылғыш заттары бар екі пакетті ұшақ жүгімен Құрама Штаттарға жолдаған деген күдікпен бір студент қызды қамауға алды.

Йеменнен UPS және FedЕx хат тасушы қызметтері арқылы АҚШ-қа жолданған ол пакеттер жұма күні Британия мен Дубайда анықталған. Мамандар бұл астыртын әрекеттің артында террорлық ұйымдар болуы мүмкін деді.

Йемен президенті Али Абдулла Салих өзінің елі әріптестерімен ынтымақтастық құрып, әл-Қаидамен күресін жалғастыра береді деп мәлімдеді. Бірақ ол террорлық топтармен күресте басқа елдердің Йеменнің ішкі ісіне араласпауын сұрады.
XS
SM
MD
LG