Accessibility links

Иран: санкциялар сауда байланысына нұқсан келтірмеді


Иранның сауда министрі Теһранға салынған халықаралық санкциялар елдің сауда байланыстарына кері салдарын тигізбегенін айтады. Министр Мағди Ғазанфари ол санкциялардың біздің сауда байланыстарымызға еш әсері болған жоқ деп мәлімдеді.

Оның бұл мәлімдемесі Иранның сауда палатасының президенті Мохаммад Нохавадианның халықаралық санкциялар экономикаға өз салдарын тигізе бастады деген сөзінен соң айтылып отыр.

БҰҰ уран байытуды тоқтатуға шақырған АҚШ пен еуропалық елдердің үндеуін қабылдамаған Теһранға төртінші мәрте санкция салған болатын. Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді, Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін алға тартады.
XS
SM
MD
LG