Accessibility links

Ресейдің әскери жетекшісі жол апатынан жараланды


Ресей әуе күштерінің басшысы, генерал Владимир Шаманов жол көлік апатынан жараланып, ауруханаға жатқызылды. Мәскеуден 200 шақырымдай жердегі Тула қаласы маңында жүк көлігімен соғысып қалған оның көлік жүргізушісі апаттан қаза болды.

Ауруханаға жатқызылған Шамановқа Владимир Путин барып қайтқан. Шешенстандағы қызметі үшін "Ресей Федерациясының батыры" атағын алған Шамановты адам құқын қорғаушы топтар соғыс қылмыстарын жасады деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG