Accessibility links

Қазақстандық теннисші АТР турнирінде жеңіске жетті


АТР рейтингінде 88-орындағы қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінде жеңіске жетті.

Қазанның 31-і күні жарыстың көшбасшысы саналған 28 жастағы ресейлік Михаил Южныймен кездескен қазақстандық спортшы екі сетте 6:3, 7:6 есебімен басым түсті. Осылайша турнирде алғаш рет жеңіске жетіп отырған Кукушкин 113 мың долларлық жүлде қорына ие болды.
XS
SM
MD
LG