Accessibility links

Мәскеудегі жапон елшісі министрлікке шақырылады


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Курил аралдарына баруына Жапонияның білдірген наразылығын Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қисынсыз деп атады.

Лавров мәлімдегендей, президент Ресей жеріне барды.

Хабарға қарағанда, Курил аралдары бойынша Ресей көзкарасын Жапонияға тағы да жеткізу үшін дүйсенбі күні кешкісін Жапонияның Мәскеудегі елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылады.

Оның алдында Жапония премьер-министрі Наото Кан Дмитрий Медведевтің Курил аралдары тобына жататын Кунашир аралына баруына өкініш білдірген болатын.

Курил аралдары Совет Одағына 1946 жылы өтті. Ресми Токио ІІ дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде айрылған 4 аралды өзіне қайтаруды талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG