Accessibility links

Күрдтер Стамбулдағы қастандыққа қатысы жоқтығын мәлімдеді


Күрд жасақтарының көсемдері Стамбулда жанпидашыл-қаскүнем іске асырған жарылысқа қатысы жоқтығын мәлімдеді. Өткен жексенбіде болған бұл қастандықтан 30-дан астам адам жараланды.

Ресми Анкара «террористік ұйым» деп санайтын Күрдтердің жұмысшы партиясының мәлімдемесінде айтылғандай, өз белсенділерінің мұндай қастандыққа баруы өткен тамыз айында жарияланған бітімге байланысты мүмкін емес.

Осы күні-ақ күрдттер партиясы біржақты жариялағанын бітімін Түркиядағы келесі жалпыға бірдей сайлауға дейін созатынын мәлімдеді.

Түркиядағы келесі сайлау алдағы жылдың маусымында өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG