Accessibility links

АҚШ-та Конгреске «аралық» сайлау өтеді


Сейсенбі күні АҚШ-та Конгреске «аралық сайлау» деп аталатын сайлау өтеді. Өкілдер палатасының барлық депутаты мен 100 сенатордың 37-сі қайта сайланады.

Сонымен қатар штаттардың басшылары да сайлануға тиіс.

Бақылаушылардың көпшілігі президент Барак Обаманың Конгрестің қос палатасында да басым дауысы бар Демократиялық партиясының сәтсіздікке ұшырайтынын жорып отыр.

Өкілдер палатасындағы басым дауысқа Республикалық партия ие болуы мүмкін болса, демократтар Сенаттағы басымдығын ғана сақтап қалуы ықтимал.

Бұл сайлаудың «аралық» деп аталатын себебі: сайлау 2008 жылғы президент сайлауынан 2 жыл өткенде және келесі президент сайлауына 2 жыл қалғанда өтеді.
XS
SM
MD
LG