Accessibility links

М.Ходорковский Мәскеу сотында ақырғы сөзін айтты


Сейсенбі күні Мәскеудің Хамовничий сотында ақырғы сөзін айтқан Михаил Ходорковский түрмеде қаза болудан қорықпайтынын мәлімдеді.

«Бізді – Платон Лебедев екеуімізді - мәңгілікке түрмеде қалдырғысы келетін кісілер бар», бірақ олар бізді «езгілікке қарсы күрестің символына» айналдырып, теріс нәтижеге жетті», - деп мәлімдеді Ходорковский.

ЮКОС компаниясының бұрынғы иесінің бірі Ходорковский судьяны ержүректілікке шақырса да, соттың өзін ақтай қоятынына үміттенбейтінін атап көрсетті.

Ходорковский мен Лебедевтің үстінен қозғалған екінші іс бойынша сот үкімі 15 желтоқсаннан бастап оқылады.

Прокуратура екі айыпталушыны 14 жылдық мерзімдерге түрмеге кесуді талап етеді және олардың қылмыстары дәлелденді деп есептейді. Бірақ сотталушылар өздерінің кінәсін мойындамайды.

AzattyqTV

Дүниежүзі қазақтары құрылтайы

Мамашев: "Басымды қатырмашы!"

XS
SM
MD
LG