Accessibility links

Сербия президенті Хорватияға сапарлайды


Бүгін Сербия президенті Борис Тадич Хорватияға барады. Тадич 1991 жылы серб әскери күштері өлтірген хорваттарды еске алу рәсіміне қатысады.

Ол Хорватия шығысында орналасқан Овчара ауылына барып, қаза тапқандардың басына гүл шағын қояды. Осыдан 19 жыл бұрын серб жауынгерлері жергілікті ауруханада жатқан 260 адамды өлтірген.

Сапарда Тадичпен бірге Хорватия президенті Иво Йосипович те болады.

Сербия мен Хорватия екі ел арасында болған әскери қақтығыстарды жуып-шайып, өзара байланысты жақсартпақшы. Себебі екі ел де Еуропалық Одаққа кірмек ниетте.
XS
SM
MD
LG