Accessibility links

Ресей Жапонияның даулы аралға бармау туралы ескертуін қабылдамады


Ресей Жапонияның екі елдің даулы аймағы болып отырған Солтүстік тынық мұхиты аралдарына Ресей жетекшілері бармау керек деген ескертуінен бас тартты.

Жапония бұл ескертуін Ресей президенті Дмитрий Медведевтің дүйсенбі күні даулы аралдардың біріне барған соң айтып отыр. Ресей жағында Оңтүстік Курил аралдары, Жапонияда солтүстік аймақтар деп аталатын аралға екі ел таласып келеді.

Сәрсенбі күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "бұл аралдар Ресейдің жері болғандықтан, Ресей президенті қай жерге бару туралы ешкімнің ақылын тыңдамайды" деді.

Бұл аралдарды Совет әскері Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында басып алған. Бірақ Токио бұл аймақтарды Жапонияның территориясы деп санайды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG