Accessibility links

АҚШ президенті Үндістанда өте ұзақ аялдайды


Бүгін АҚШ президенті Барак Обаманың Азия елдеріне 10 күндік сапары басталады. Оның Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея мен Жапонияға баратыны хабарланып отыр.

АҚШ президентінің Үндістанға сапары 3 күнге созылады. Бұл Обаманың президент міндетін атқаруға кірісуінен бері өзге елде алғаш рет ең ұзақ уақыт болуы.

Оңтүстік Кореяда Барак Обама «Үлкен жиырмалық» саммитіне, оның ізінше Жапонияда – «Азия-Тынық мұхиты аумағының экономикалық ынтымақтастығы» ұйымының саммитіне қатысады.
XS
SM
MD
LG