Бүгін әскери режимдегі Мьянма елінде 20 жылда бірінші рет сайлау болып отыр. Ел оппозициясының белсенділері, оның ішінде оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжи қамауда отырғандықтан бұл сайлау демократиялық емес деп қатты сынға алынып отыр.
Бүгінгі дауыс беруге 29 миллион адам қатыса алады. Елде 40 мың дауыс беру орындары ашылған.
1990 жылғы сайлауда Аун Сан Су Чжи партиясы басымдықпен жеңген болатын. Бірақ оппозицияның жеңісін әскери билік мойындаған жоқ.
Жексенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бұл сайлау қуғын-сүргін жағдайында өтіп жатыр, халықаралық талаптарға сай келмейтін дауыс берулер деді. Бірақ ол сайлауда елді оң бағытта өзгертетін жаңа жетекші сайланар деген үмітін жеткізген.