Accessibility links

Екібастұзда "А" гепатитіне шалдыққандар саны артуда


Павлодар облысы Екібастұз қаласында "А" гепатитіне шалдыққан оқушылар саны 28 жетті.

Жергілікті әкімшілік баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда тоғыз оқушы ауруханада.

Алғаш 22 қазанда №11 мектебінің 7 сынып оқушысында "А" гепатиті тіркелді. Кейін вирусқа шалдыққандар саны күрт өсті. Ауырудың көбейуіне мектепте оқушылардың тазалық сақтауына жағдай жасалмағандығы себеп болған. Мәселен, 878 оқушысы бар мектепте таза су ағатын жалғыз кран бар.

Оқушылардың жаппай ауыруға шалдығыуынан Екібастұз бен Екібастұз ауданына қарасты ауылды мектептерде демалыс қарашаның 2-сінде басталды.
XS
SM
MD
LG